19 Қараша 10:23

Ойын бизнесін ұйымдастырушылар ұсталды

Фото:

Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар ұсталды. 

Алматы, NEGE. Заңсыз айналымнан «Lotomatic» лотерея қызметінің атын жамылып, заңсыз қызметтер көрсету үшін пайдаланылған 3 ойын терминалы алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тергеу барысында күдіктілер ҚР ҚК 307-бабының 1-б. көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәсін мойындады.

«Бүгінгі күні тергеу аяқталып, қылмыстық іс айыптау актісін бекіту және одан әрі сотқа беру мақсатында заңдылықты тексеруді жүзеге асыру үшін қадағалау ведомствосына ұсынылды» - делінген ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті баспасөз қызметінің деректерінде.

Тегтер: