21 Сәуір 10:34

Коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсті

Фото:

  Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 14 жағдай тіркелді. 

Алматы, NEGE. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласынан 3, Алматыдан 6 және Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан облыстарынан бір-бір адамнан инфекция табылды. Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 431 жетті. Еске салсақ, 20 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус жұқтырған 11 жағдай тіркелді, ал 19 сәуірде 10 адамнан анықталды.

Тегтер: