USD
USD
USD

Алматыда жеке клиниканы заңсыз тексерген мемлекеттік қызметкер жазаланды

Мемлекеттік органның әрекетінің заңсыздығын ескере отырып, тексеру актісі мен нәтижелері жойылды, деп жазады inbusiness.kz.

canva.com
Фото: canva.com

Алматы, NEGE. Медеу ауданының прокуратурасына Алматы қаласы Медициналық-фармацевтикалық бақылау департаментінің заңсыз тексеру мәселесі бойынша жеке клиникалардың бірінің басшысы хабарласқан.

Анықталғандай, департаментке медициналық орталықтың әрекетіне қатысты өтініш келіп түскен.

Осы өтініш негізінде бақылау органының қызметкері кәсіпкерлік субъектісін тіркеп, тексеру жүргізді.

Прокуратура өтініш білдірген азаматтың заңды атауы ұқсас мүлде басқа медициналық ұйымның әрекетіне шағымданғанын анықтады.

Осыған қарамастан медициналық орталық заңсыз тексеруден өтті.

Мемлекеттік органның әрекетінің заңсыздығын ескере отырып, тексеру актісі мен нәтижелері жойылды.

Сонымен бірге жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін кінәлі лауазымды тұлға ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 175 баптың 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков