USD
USD
USD

Қырғызстанның Министрлер кабинеті Бішкектегі оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады

Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті Бішкектегі түнгі оқиғаға байланысты мәлімдеме жасап, ондағы этникалық алауыздық пен тәртіпсіздік тудыру әрекеттерін қатаң айыптады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

 novosti.kg
Фото: novosti.kg

Астана, NEGE. Мәлімдемеде Министрлер кабинеті әлеуметтік желілерде шындыққа жанаспайтын ақпараттың таралуына байланысты пікір білдіріп, сондай-ақ халықаралық баспасөздің шетелдік студенттерге қатысты кісі өлтіру мен зорлық-зомбылық туралы жалған хабарламаларын жоққа шығарады.

Құқық қорғау органдары Бішкекте болған құқық бұзушылықтардың барлық мән-жайын жан-жақты тексеріп жатқанын атап өтті. Кінәлілер анықталып, заңға сәйкес жауапқа тартылады. Сонымен қатар кейінгі бірнеше айда билік заңсыз көші-қонды ауыздықтау және қалаусыз адамдарды елден шығару үшін шешуші шаралар қабылдап жатқанын хабарлады.

- Шетелдік студенттерге төзбеушілікті тудыруға бағытталған кез келген әрекетке жол берілмейді және бұл біздің халқымыздың қонақжайлық рухына сәйкес келмейді. Қырғыз Республикасының билігі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдады. Құқық қорғау күштері қоғамдық тәртіпті бұзу әрекеттерінің жолын кесетін болады, - делінген үкімет хабарламасында.

Бұған дейін Бішкекте шетелдіктердің қатысуымен жаппай төбелес болғаны хабарланған болатын.

Кейін Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев Бішкектегі түнгі оқиғаға қатысты пікір білдірді. Оқиға салдарынан 29 адам медициналық көмекке жүгінсе, оның 15-і ел астанасындағы емдеу мекемелеріне жеткізілді.

Қазір оқып жатыр

TikTok-тағы уағыз: жастар діни ақпаратты кімнен алып жүр?

ТТ уағыз

Прокуратура Байбектің компаниясының мүддесін қорғады

Бауыржан Байбек

Тоқаев: Орталық Азия жаңа тарихындағы аса табысты кезеңді бастан өткеріп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев

Сербияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда көз жұмды

Қазақстан азаматы