27 Мамыр 13:45

Коронавирус өршіп тұрған 7 өңір қайсы?

Фото:

 Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанның 7 өңірінде коронавирус өршіп тұрғанын айтты. 

Алматы, NEGE. Біртанов соңғы екі аптада ТЖ режимі аяқталғаннан бері Қазақстанда 3,5 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталғанын айтты. Оның айтуынша, бұл өңірлерде өсім 5 пайызды көрсетіп тұр.

"Кей өңірлерде көрсеткіш жоғары. Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Түркістан облыстарында, БҚО-да және Шымкент қаласында коронавирус өршіп тұр", - деді денсаулық сақтау министрі.

Біртанов мұны кәсіпорындарда ұжым арасында науқастардың көбеюімен байланыстырып отыр.

Осыған дейін министр қазақстандықтар қауіпсіздік шараларын сақтамаса карантин шаралары күшейтілетінін айтқан еді. . Біртановтың айтуынша, осыған дейін екі ай бойы карантин күшейтілгендіктен жақсы нәтижеге қол жеткізілді.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 9304-ке жетті, 4613 адам айығып, 37 адам қайтыс болды.

Тегтер: