«Қызыл» аймақтағы нысандар демалыс күндері де жұмыс істейді

21 қазан, 12:59
«Қызыл» аймақтағы нысандар демалыс күндері де жұмыс істейді
Фото: google.com

ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.

Алматы, NEGE. Құжатта жазылғандай, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер жұмыс және демалыс күндері «қызыл» және «қоныр қызыл» аймақтарда орналасқан өнірлерде сағат 00.00-ге дейін ашық болады. Ал жоба көшбасшылары үшін сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді.

«Сары» аймақта орналасқан облыстардағы нысандар сағат 01.00-ге дейін, жоба көшбасшылары сағат 03.00-ге дейін жұмыс істейді.

«Жасыл» аймақта орналасқан өнірлерде сағат 03.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін сағат 05.00-ге дейін жұмыс режимі белгіленді. Талап бойынша демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болуы тиіс. Десе де «жасыл мәртебе» болуына және жұмыс режимін шектеуге қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автокөлік бекеттеріне, өзен және теңіз порттарына, автостанцияларға, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды», - делінген қаулыда.

Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында санитарлық-дезинфекциялық режим қатаң сақталуы тиіс.

Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе вакцинаның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін балалар үйлеріне бара алады.