11 Қыркүйек 14:41
...

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келеді

Фото:

Биыл қарашада елімізге Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келеді. 

Алматы, NEGE. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді.

Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер жүргізу үшін Қазақстанға ресми сапармен келген болатын. 

«Биыл 3 қарашада жоспарланған Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық 10-шы саммитіне Президент Режеп Тайип Ердоғанның сапарын ұйымдастырып, оны жоғары деңгейде өткізуге күш жұмылдыруға уағдаластық. Бұл – серіктестігімізді стратегиялық рухта дамытудың тағы бір жолы», - деді Мұрат Нұртілеу.

Тегтер: