19 Қаңтар 12:13
...

«Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының 4 құрылтайшысы бар

Фото:

«Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының негізін қалаушылар кімдер? Және қор құрылтайшыларының қандай құқығы бар? Аталған сұрақтарға қор төрағасы Болат Жәмішев жауап берді.

Алматы, NEGE. «Бірнеше қоғамдық бірлестік бірігіп «Қазақстан халқына» қорының құрылтайшысы болып отыр.

Атап айтқанда 4 қоғамдық ұйым. Неге ол 4 ұйым деген сұрақтар да қойылып жатыр. Аталған ұйымдар осыған дейін де мемлекеттік органдармен бірлесіп, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік салада қайырымдылық шарасымен тұрақты айналысып келеді. Және сол 4 қоғамдық ұйым жоғарыда аталған сала министрліктерінің ұсынысымен таңдалды. Осы тұста ерекше айтып өткім келеді, құрылтайшылардың қатысушылар секілді құқығы жоқ. Оларға арнайы құқық берілмейді. Олар тек қор жұмысының басталуына серпін берді, қайырымдылықты алғашқы болып бастады. Қор аз уақыттың ішінде құрылды, сондықтан осындай шешім қабылданды» - деді Болат Жәмішев Хабар 24 арнасының «Ошакбаев LIVE» бағдарламасының эфирінде.

Оның айтуынша, кез келген қоғамдық ұйым қор қатысушысы бола алады. Басты талап - қайырымдылық саласында тәжірибенің болуы. «Қор жұмысына үлес қосамын деген қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерге есігіміз ашық. Қор - біреудің жекеменшігі емес, халықтікі және халық үшін қызмет етеді», - дейді ол.

Тегтер: