4 Желтоқсан 18:38
...

«Қазақтың Робин Гуды» атанған Ілияс Сариевке сот үкімі шықты

Ильяс Сариев
Фото: instagram.com/qazaq_robin_hood

Бүгін Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында алаяқтық ісі бойынша айыпталған блогер Ілияс Сариев пен оның серіктесі Ақтоты Дүйсееваға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды деп хабарлайды NEGE тілшісі.

Алматы, NEGE. Сот үкімімен Ілияс Сариевті 3 жыл 8 айға, Ақтоты Дүйсееваны 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, олар жәбірленушілерге материалдық өтем төлеуге міндеттелді. 

Ақтоты Дүйсееваның кәмелет жасына толмаған баласының болуына байланысты жазасын өтеу уақыты кейінге шегерілді. 

Естеріңізге сала кетейік, сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы сотталушылар Ілияс Сариев пен Ақтоты Дүйсееваны 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Ілияс Сариев пен Ақтоты Дүйсееваға ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағы («Аса ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық») бойынша айып тағылған. Іс бойынша барлығы 26 жәбірленуші бар.