USD
USD
USD

Алматы әуежайына кіру жолы уақытша жабылады

Алматы халықаралық әуежайына кіретін және шығатын бағыттағы жолдар бір аптаға жабылады. Бұл жөнінде әуежайдың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы халықаралық әуежайы
Фото: Алматы халықаралық әуежайы

Астана, NEGE. 2025 жылғы 4-11 желтоқсан аралығында Б. Майлин көшесінен әуежай аумағына кіретін негізгі жол бөлігінде сыртқы аралды алу және асфальт төсеу бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Осыған байланысты уақытша кіру бағытында 1 жол және шығу бағытында 2 жол жабылады. Әуежайға барар жолыңызда осы ақпаратты алдын ала ескеруіңізді сұраймыз», – делінген хабарламада.

Әуежай өкілдері қалған кіру және шығу жолдары қалыпты режимде жұмыс істей беретінін хабарлады.

Сондай-ақ компания өкілдері алматылықтар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, түсіністікпен қарауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек