USD
USD
USD

Ғауез Нұрмұхамбетов Солтүстік өңірдегі коммуналдық мәселелерге қатысты пікір білдірді

«Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов брифинг өткізіп, журналистердің сауалдарына жауап берді.

Ғауез Нұрмұхамбетов
Фото: ОКҚ

NEGE тілшісі өңірдегі ыстық және ауыз суға қатысты бірнеше сауал қойды. 

Тұрғындардың айтуынша, «Жас Өркен» шағынауданының жаңа үйлерінде жылу және ыстық сумен қамтамасыз етуде қиындықтар бар. Бұл мәселе шешімін тапты ма?

Тілшіміздің сұрағына жауап берген өңір басшысы қазір бұл мәселе шешімін тапқанын атап өтті. 

Оның айтуынша, бұл жағдай былтыр шілденің аяғында және тамыздың басында болған. Мәселе техникалық себептерге байланысты емес. Әкім аталмыш мәселені БАҚ арқылы білгеннен кейін қала әкімі Серік Мұхаммадиевтен мән-жайды сұрап білген. Әкімнің түсіндіруінше, «Жас Өркен» ықшамауданындағы он шақты үйге қызмет көрсететін коммуналдық ұйымдар монополиялық компаниялармен келісімшарт жасамаған екен.

Мәселе шешілгеннен кейін монополистер жылу мен ыстық суға қатысты проблеманы реттеген. Оның пікірінше, мұндай жағдай қайталанбауы үшін жауапкершілік болуы керек.

Өңірдің Айыртау және Қызылжар аудандарында сумен қамтамасыз ету жүйесінде кідірістер жиі болады. Ғауез Нұрмұхамбетов бұл мәселеге қатысты қажетті құжаттар реттеліп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Биылғы қыстан шығу үшін барлық қажетті шаралар қабылданған. Алайда жүйенің тозу деңгейі 80–90 пайызға жеткендіктен, толық ретке келтіру қажет. Ол бұл жұмыстардың Ұлттық жоба аясында атқарылып, жақын уақытта қалпына келтірілетінін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»

Жарасбаев

«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті

Тоқаев

2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев

Мәди Такиев

Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады

Бибісара Асаубаева