10 Желтоқсан 14:58

Исатай ауданында жол жөнделіп, денешынықтыру кешені салынып жатыр

Фото:

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев айтты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Алматы, NEGE.  -  Биыл Исатай ауданы бойынша «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 3 жоба жүзеге асырылуда. Соның негізінде Жанбай ауылында ауылішілік автомобиль жолдарын жөндеу, денешынықтыру – сауықтыру кешені, газ желісі құрылысының жұмыстары  жүргізілуде, деді аудан әкімі.

Аталған бағдарлама аясында атқарылып жатқан жобалардың бірі -   Жанбай ауылында автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары. Бүгінде жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Нысанның аяқталу мерзімі –  2021 жыл. Екінші жоба - Жанбай ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы. Құрылыс  жұмыстары 2020 жылдың қазан айында басталды, аяқталуы 2021 жылдың наурыз айы.

 «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылған Жанбай ауылындағы газ желісі құрылысы  бүгінде аяқталған. Жүргізілген газ желісі құрылысының ұзындығы- 8,6 км,  газ желісімен қамтылатын үйлер саны - 205.

Бұдан бөлек, "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында үш қабатты 60 пәтерлі үш тұрғын үй салынып жатыр.

Тегтер: