14 Мамыр 11:47

Бауыржан Байбек пен Жанболат Мамай арасындағы соттың алғашқы отырысы өтеді

Фото:

14 мамыр сағат 16.30-да «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Жанболат Мамай мен Инга Иманбайға қарсы шағымы бойынша алғашқы сот отырысы өтеді. Бұл туралы Инга Иманбай фейсбук әлеуметтік желісінде хабарлады. 

Алматы, NEGE. Әуезов аудандық сотының хабарламасында «процессуалдық заңнаманың талаптарын сақтау, сондай-ақ тараптармен сот-филологиялық сараптама тағайындау қажеттілігі туралы мәселені талқылау үшін 14 мамырда сағат 16-30-да мобильді бейнеконференция арқылы Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлының Мамай Жанболат Мамайұлына, Иманбаева Инга Ерғайыпқызына ар-намысты, қадір-қасиет пен іскерлік беделді қорғау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс бойынша сот талқылауына дайындық жүргізіледі», - делінген. Судья Сартаева Р. Ш. деп көрсетілген.

Инга Иманбаева сот отырысына қатысқысы келетіндер үшін ондай мүмкіндік беруге дайын екендіктерін жеткізді.

Тегтер: