5 Қаңтар 12:58

Антикор Ерболат Ерімбеттің ісіне қатысты деректі НЕГЕ айтпай отыр?

Фото:

 ҚР Қорғаныс министрлігі заң бөлімінің басшысы Ерболат Ерімбет Нұр-Сұлтандағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны 31 желтоқсан күні белгілі болды.

«Ерімбет 31 желтоқсанда кешке Астана әуежайында 9 миллион теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды. Істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізіп жатыр, қазір ол елордалық полиция департаменті уақытша ұстау изоляторында», – деп түрлі инсайдерлік арналар хабарлаған болатын.

Nege.kz тілшісі істің жай-жапсарын білу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне хабарласты. Антикордың баспасөз қызметі қазір ешқандай түсініктеме бермейтінін жеткізді.

«Қазір ешқандай пікір білдіре алмаймыз. Бір ақпарат шықса, бірден Телеграм каналымызға саламыз. Сол жерден бақылап отырыңыздар», – деп қысқа қайырды. 

Бізге жеткен дерекке қарағанда, Ерболат Ерімбет «Build market-T» ЖШС өкілі Ж.Е.Байжұмановтан шамамен 10 миллион теңге сомасында пара алған кезде ұсталған. Бұл ақша Ерболат Ерімбетке Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы лауазымды тұлғаларының қамқорлығы үшін берілген болуы мүмкін.

Тегтер: