10 Маусым 09:42

Алакөлге ПТР-тест нәтижесі барлар ғана кіре алады

Фото:

Алакөлдің шығыс жағалауындағы демалыс орындары 13 маусымнан бастап туристерді қабылдай бастайды. Бұл жолғы суға шомылу маусымының өзіндік ерекшелігі бар. 

Алматы, NEGE. Демалыс аймағына қолында COVID-19-ға қатысты тест қорытындысы бар адамдар ғана кіре алады. Алакөлдің шығыс жағалауындағы сауықтыру орындары әрдайым сұранысқа ие. Көлдің дәл осы бөлігіне минералды су көздері құйылады. Ол өзінің емдік қасиеттерімен бағаланады. Өткен жылы мұнда 700 мыңнан астам турист болған. Тек бір мезгілде ондағы жаяу жүргіншілер жүретін арбатта 12 мың адам болуы мүмкін. Сондықтан халық көп жерде COVID-19 инфекциясын жаппай жұқтыру қаупі де жоғары. Осыған орай демалыс орындары алдын алу шараларына баса мән беріп отыр.

 «Парус» демалыс орнының директоры Рамазан Мұрат: "Енді осы маусымның басында біз 50%-тік көрсеткіш көрсетсек, енді осы анықтама қағаздары арқылы біз енді келесі айда маусым айына қарағанда туристерді толық 100% толықпен қабылдауға атсалысамыз", - деді.

Кәсіпкерлердің айтуынша, ПТР-тест қорытындысы болған жағдайда халық алаңсыз тынығады. Олар қолға алынға шаралар демалушылардың ауру жұқтырмай, қайта денсаулықтарын түзеп қайтуына септігін тигізеді деп сенеді.

 Анықтаманың бар-жоғы бірден демалыс аймағына кіретін жерде тексеріледі. Осы шектеулерге қарамастан, биылғы шомылу маусымы табысты болады деген үміт бар.

Тегтер: