5 Қаңтар 15:30

«Әкімдік маңында оқ атылып жатыр»

Фото:

Nege.kz тілшісінің хабарлауынша, бірнеше мың адам Алматы қалалық әкімдігін басып алған. Әкімдік ғимараты өртеніп жатыр. 

Алматы, NEGE. «Бірнеше мың адам Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратына басып кірді. Наразы топтың бір бөлігі әкімдіктің жанындағы ғимараттарға шабуылдап жатыр. Президенттің Алматыдағы резиденциясына басып кіру әрекеттері жасалды. Оқ атылып жатқаны естіледі. Жараланған адамдар бар», – дейді тілшіміз.

Редакциядан: Елде қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты Nege.kz редакциясы тараптарды мәселені бейбіт жолмен шешуге, қан төгуге жол бермеуге шақырады.  

Тегтер: