23 Қаңтар 10:46

Әкім болу қанша тұрады?

Фото:

О заманда, бұ заман сатылмаған не қалды. БАҚ өкілдері «Әкімнің орны 50 мың АҚШ долларына сатылмақ болды» деп хабар таратып жатыр.

Алматы, NEGE. Ашып айтсақ, Жамбыл облысы, Меркі ауданы әкімінің орынбасары басшысының орнына қызығушылық танытқан.  Тіпті, Мейіржан Сүлейменов ол үшін 50 мың доллар бермек болған екен. 

Мұның бәрі телефонмен сөйлесу кезінде жазылып қалған.

«Енді телефонмен кім не айтпайды? Сондай әңгіме болған шығар. Иә, Алматыға ауысамын деген жұмыстар болған. Бірақ ол жерде жолдастармен салмақты әңгіме болған емес. «Сатып аламын, осыншама ақша беремін» деген. Ойнап, достармен бір жерде айтқан шығармын», – дейді Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменов.

Шенеуніктің әкімнің орнын сұрағаны кездейсоқ анықталған. Яғни, басқа бір іс бойынша күдік туғызған Сүлейменовті ұлттық бюро өкілдері бақылауға алыпты. Оның телефонын тыңдау барысында орынтақ саудасы жөніндегі әңгіме әшкере болған. Ал оған қызмет әперуге уәде еткен өңірге танымал кәсіпкер болып шықты. Оның тағдыры әзірге белгісіз. Белгілісі, әдеп кеңесі Сүлейменовті қызметінен төмендету жөнінде ұсыныс берді. Дегенмен соңғы шешімді Меркі ауданы әкімінің өзі қабылдайды.

Тегтер: