USD
USD
USD

ШҚО-да Бұқтырма өзенінің су деңгейі көтеріліп кетті

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында Бұқтырма өзенінің су деңгейі көтеріліп кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

су
Фото: ШҚО әкімі баспасөз қызметі

Өскемен, NEGE. ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 7 сәуір күні облыстық жедел штабтың кезекші бөліміне Алтай ауданы Богатырев ауылының тұрғыны хабарласып, ауласына су кіргенін жеткізді. Оқиға орнына жедел түрде аудан әкімі, ТЖД және коммуналдық қызмет мамандары барды.

«Анықталғандай, Бұқтырма өзенінің деңгейі көтеріліп, ауылдың екі тұрғынының үйлерінің ауласына су кірген. Қазірде ШҚО ТЖД, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері және әскерилер суды мотопомпамен сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы саны 10 техника жұмылдырылған. Су деңгейі түсіп жатыр», - делінген ақпаратта.

Ауласына су кірген екі үйде 4 адам тұрады. Олар эвакуациядан өз еріктерімен бас тартып, туысқандарының үйлеріне уақытша тұрақтады.

Аудан әкімі зардап шеккен азаматармен кездесіп, барлығы қысқа уақытта мемлекет тарапынан қалпына келтірілетінін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі