7 Сәуір 19:19

Түркітілдес елдер арасында бокстан турнир өтеді

Түркітілдес елдер арасында бокстан турнир өтеді
Фото: baq.kz

Алматыда кәсіпқой бокстан 6 мемлекеттің федерация басшыларының қатысуымен Саммит өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы, NEGE. Саммит барысында түркітілдес елдердегі кәсіпқой бокстың өзекті мәселелері талқыланды.

Алматы қаласында тарихи оқиға болып жатыр. Түркітілдес елдер арасында WBC Amateur Turksoy халықаралық турнирі өтеді. Бұл турнир жастарға арналған. 15-16 жасқа дейінгі жасөспірімдерді қолдайды. Алғашқы чемпионат Түркістан қаласында ұйымдастырылмақ. Кейін әр жылдарары әр түрлі мемлекеттерде өтеді. Өздеріңіз білесіздер, Орта Азияның бокс мектебі мықты болған еді. Енді міне түркі елдерінің бокс мектебі қалыптасып, шыңдалады деген үміттеміз,- дейді ТЮРКСОЙ халықаралық ұйымның бас хатшысы Султан Раев.

Аталмыш жарыс биыл күзде өтеді деп жоспарлануда. Бокс жарысы түркі елдерін біріктірмек.

Бүгін түркітілдес елдер арасындағы WBC Amateur Turksoy халықаралық турнирін ұйымдастыру туралы келісімшартқа қол қойдық. Турнирге Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Түрікменстан елдерінің 15-16 жас аралғындағы жасөспірімдері қатысады. Бұл бір тарихи турнир болмақ. Бокс әлемінде түркі елдерін біріктірмек. Біз бұл арқылы жастарымызды жігерлендіріп қана қоймай, әлемге түркі елдерінің бокс мектебін көрсеткіміз келеді. Турнирдегі белбеуді де арнайы жасатын боламыз. Белбеу Мекикада жасалады. Былтыр елімізде WBC Amateur Kazakhstan турнирінің пилоттық маусымы сәтті өтіп, оған 500-дан астам жас спортшы қатысқан болатын,- дейді Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков.

Ал жасөспірімдер бұл турнир үлкен мүмкіндікке жол ашып, түркі елдерінің спортшыларын біріктіреді дейді.

Мен WBC-да 66 келіде чемпион болдым. Кәсіпқой бокста Қазақстан құрамасына кіре алмағандықтан, әуесқой боксте өзімізді көрсеттік. Бізге WBC-де қолдау болды. Бұл бізді жігерлендірді. Болашақта үлкен жарыстарда бақ сынап, чемпион болып, еліміздің атын шығарамыз деген үміттеміз. Турнир жасөспірімдерге үлкен мүмкіндік бермек. Түркі елдерінің спортшыларын біріктіріп, мықты мектеп қалыптастырмақ,- дейді чемпион, спортшы Абайбек Байғалық.

Былтыр елімізде WBC Amateur турнирінің турнирінің пилоттық маусымы өткізілген еді. Көптеген жас спортшылардың бағын ашқан турнир болды десек артық айтпағанымыз.

WBC Amateur турнирінің 76 келі салмағындағы чемпионымын. Бірінші рет өткізілгендіктен бізге қолдау мен үміт артылды. Мен спортпен айналысқаныма 6 жыл болды. Күзде өткізілетін WBC Amateur Turksoy халықаралық турнирінің жеңімпазы боламын деген үміттемін,- дейді спортшы Асанәлі Сәдібаев.