USD
USD
USD

3 қазаннан бастап ескі банкноттарды айырбастау тоқтатылады

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2020 жылдың 3 қазанында 2006 жылғы үлгідегі 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салады.

3 қазаннан бастап ескі банкноттарды айырбастау тоқтатылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қолма-қол ақша айналымынан алынған банкноттарды Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық банктің филиалдарында жүргізіледі.

«2006 жылғы банкноттарды кезең-кезеңімен ауыстыру және алу 2016 жылдың қарашасында басталды. Ағымдағы жылдың 3 қазанында аталған банкноттардың айналыс мерзімі аяқталғаннан кейін Ұлттық банктің филиалдары оларды қабылдауды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастауды тоқтатады. Осы күнге дейін банкноттарды еліміздің 17 қаласында орналасқан ҚР ҰБ барлық аумақтық филиалдарында айырбастауға болады», - деп атап өтті Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов.

Қазір оқып жатыр

Назарбаев зияткерлік мектебі түлектеріне қымбат пәтер сыйланғаны рас па?

қымбат сыйлық

Абзал Құспан Құрылтайға неге өтпеді және ендігі жоспары қандай?

Абзал Құспан

Әділет министрлігі NCOC-тың айыппұлға қатысты мәлімдемесіне түсініктеме берді

экологиялық айыппұл

Рақымшылық аясында жалпы сомасы 22 млрд теңгеден асатын айыппұлдар кешірілді

әкімшілік айыппұл