USD
USD
USD

Астанада тандырханада жарылыс болып, үш адам зардап шекті

Төтенше жағдай Байқоңыр ауданы Ш. Жиенқұлова көшесінде орналасқан базар аумағындағы екі қабатты әкімшілік ғимаратта болған.

Тандырханадағы жарылыс
Фото: Видеодан кадр/ТЖД

Астана, NEGE. Төтеншеліктердің хабарлауынша, ғимараттың бірінші қабатында орналасқан тандыр самса дайындайтын бөлмеде газ-ауа қоспасы жарылған. Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа 50 литрлік композиттік газ баллонының герметикалығының бұзылуы себеп болған.

Жарылыс салдарынан төбе жабындысының бір бөлігі мен есік жақтауы опырылған.

«Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Барлау барысында құтқарушылар зардап шеккен үш адамды анықтады. Олардың барлығы қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқыс оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы