USD
USD
USD

«Семей орманы» резерватында өрт шықты

16 шілде таңертеңгі уақытта «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында орман өрті тіркелді.

өрт
Фото: 24.kz

Астана, NEGE. Экология министрлігінің хабарлауынша, өрт резерваттың Бородулиха филиалы Қамышен орманшылығының 57-орамында шыққан.

Орман өртін сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тартылды. Сондай-ақ 1 автоцистерна (АЦ), 1 кіші орман өрт сөндіру патрульдік кешені (МЛПК), 1 трактор, 8 техника мен «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның Bambi Bucket су төгу құрылғысымен жабдықталған әуе кемесі жұмылдырылған.

«Қосымша күш ретінде өрт орнына 2 автоцистерна, 2 трактор, 1 МЛПК және 11 орман күзеті қызметкері бағытталды. Сонымен қатар AS350 тікұшағы және 4 әуе өрт сөндіру десантшысы, сондай-ақ Катон-Қарағайдан Ми-8 тікұшағы өрт орнына аттанады», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағдайды министрлік өз бақылауына алды.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы