12 Қазан 15:33
...

Жұмысқа 25%-ға сирек баратын болдық

Фото:
2020 жылғы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығындағы аптада қазақстандықтардың жұмыс орнында болуы, 2020 жылдың басындағы көрсеткішке қарағанда 74-75%

болған. Бұл туралы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ талдаушылары Google деректеріне сүйене отырып мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Адамдардың жүріп-тұруына жасалған талдау барысы, тұтастай қарағанда, карантиндік шектеулерді енгізу және алып тастау мерзіміне сәйкес келеді. Мәселен, жұмыс орындарына барудың айтарлықтай бәсеңдеуі 16 наурызда басталып, бақылау мәндері тұрғысында 14% төмен болды, ал наурыздың аяғы-сәуірдің басындағы жаппай карантиннің басында жұмыс орындарына келу әдеттегі көрсеткіштен 46%-дан 55%-ке дейін ауытқыды», – деді ЕРДО болжау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков. Қаңтардағы көрсеткіштерге маусымның басындағы белгілі бір аралық уақыт жақын болды (жұмысқа бару - 78-80%). Содан кейін жұмыс орындарына бару қайтадан шілденің ортасындағы 60-63%-ға дейін төмендеуін жалғастырды. Одан соң бірқалыпты өсім қазіргі 74-75%-ға дейін көтерілді. «Біз аталған қазақстандықтардың 25-26%-ы жұмыссыз қалды демейміз. Керісінше, олардың басым бөлігі қашықтан жұмыс істеуге ауысты деп санаймыз», – деп нақтылады талдаушы. Google мәліметін зерделер болсақ, олардың деректер шоғыры, COVID-19-пен күресудің жаңа шектеулеріне және басқа шараларға байланысты адамдардың мінез-құлқының қалай өзгергенін көрсетеді. Есептерде адамдардың үйлерінен қаншалықты жиі немесе сирек шығатындығы және сауда орындары, ойын-сауық орталықтары, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, саябақтар, вокзалдар және тағы басқа жерлерге баратыны көрініс тапқан. Биылғы жылдың 3 қаңтарынан 6 ақпанына дейінгі және 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығындағы бақылау кезеңдерін салыстырар болсақ, мейрамханалар, дәмханалар мен сауда орталықтарына барудың 14-17%-ке, ал саябақтарға барудың 5-7%-ке төмендегені анықталады. Азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға бару, сондай-ақ халықтың тұрғын аудандардағы қозғалысы іс жүзінде өзгерген жоқ дерлік. Ал қоғамдық көлік аялдамаларында, керісінше, бақылау қарқыны онда бару санының 27%-ке өскенін көрсетті.

Тегтер: