USD
USD
USD

Семейде шырша орнатуға көмектесіп, жарақат алған мұғалім жансақтау бөлімінде жатыр

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы қазір тұрақты. Ол ауруханаға 21 желтоқсан сағат 10:30 шамасында жеткізілген.

Денсаулық
Фото: Pixabay

Алматы, NEGE. Науқасты ертең жалпы бейінді бөлімшеге ауыстыру жоспарлануда.

– Ауруханаға түскенде есін біліп жатты. Оң жақтағы париетотемпоральды аймақтың субдуральды гематомасы диагнозы қойылды. Бүгінгі таңда науқастың жағдайы тұрақты ауыр, есін біледі. Неврологиялық тапшылық жоқ. Гемодинамика тұрақты, – дейді ведомство.

Еске салайық, Семей қаласында орталық алаңда шырша тұрғызуға жәрдемдескен мұғалім Қуат Айтқалиев биіктен құлап, ауыр жарақат алды.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогты жұмысқа тартуды заң бұзушылық деп атады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова