8 Қаңтар 07:30

Ұлттық Банктің көшуі кімге тиімді?

Фото:

Ұлттық Банк көшуге көмектесетін компанияларға арналған тендер шарттарын жаңалады.

"Егер потенциалды жеткізушінің тендерлік бағасы техникалық-экономикалық негіздемеде көрсетілген бағадан төмен болса, құрылыстар салуға бекітілген бағадан 10 пайызға төмен болса, демпинг қолданды деп есептеледі", деп жазады Ұлттық Банк.

Заң бойынша компания демпинг қолданды деп танылса, оның өтінішін тендерде өткізбей қоюға мүмкіндік бар. Бұдан шығатын бір қортынды, Ұлттық Банктің еліміздегі ірі құрылыс компаниясының мүддесін ойлап отыруы ғажап емес.

Фото: Time.kz

Осының алдында біз украиндық Archimatica сәулет компаниясының Ұлттық Банк ғимаратының жобасын жасағандығын жазған болатынбыз. Оған тапсырыс беруші - елдегі ірі құрылысшылардың бірі болып табылатын BIGroup.

Тақырыпқа орай: Ұлттық Банк қайда көшеді?

 

Ұлттық Банктің көшіп келуін қамтамасыз ету, филиалдар, өкілдіктер немесе департаменттер құру, кұрылыс жүргізу тек Ұлттық Банктің директорлар кеңесінің шешімі бойынша орындалады. Бұл туралы, Ұлттық Банк ресми хабарлап отыр.

Тегтер: