20 Қаңтар 11:30

«Сұрапыл дағдарыс келе жатыр»

Фото:

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) жаңа басшысы Кристалина Георгиева пессимистік болжамдарымен сарапшыларды дүрліктіре бастады. Оның айтуынша, болашақта бүкіл әлемді шарпитын жаңа дағдарыстың көлеңкесі қылаң беруде. Және ол дағдарыстың тоқпағы ең алдымен Еуропаның басына тимек. 

Георгиева сілтеме жасаған ХВҚ-ның соңғы зерттеуіне сәйкес, қазіргі жағдай 1930 жылы қаржы нарығының құлдырауына әкеліп соқтырған "20-шы жылдардағы көрініске" ұқсас болып отыр. Соңғы 20 жыл ішінде мемлекеттер арасындағы теңсіздік едәуір қысқарса да, халық арасындағы теңсіздік күшейген. Ол кез-келген мемлекетті "саяси төңкеріске" әкеліп, популизмді күшейте бермек. Георгиева Ұлыбританияны мысал ретінде келтіреді.

Байлардың бар-жоғы 10 пайызында кедейлердің тең жартысының қаржысы бар. Демек әлеуметтік теңсіздік шарықтау шегіне жетіп отыр. 

Халық арасындағы әлеуметтік теңсіздікті әлемдік ұйымдар Джини индексі арқылы есептейді. Қазақстанда Джини индексі Еуропа елдеріне қарағанда төмен. Халықаралық валюта қоры есебінше, 1996 жылдан 2018 жылға дейін Джини индексі немесе Қазақстандағы кірістің шоғырлану коэффициенті 0,319-дан 0,899-ға дейін төмендеді. Бұл Чехия мен Скандинавия елдері деңгейімен шамалас.

Бірақ экономист Олжас Тілеуовтың пікірінше елдегі әлеуметтік теңсіздік ХВҚ есептегендей азғантай емес. Депозиттерге кепілдік беру қоры мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметтеріне назар аударсақ, Қазақстандағы жеке тұлғалар депозиттерінің 38 пайызы зейнетақы салымшыларының тек 1 пайызына ғана тиесілі болып шықты.

Тегтер: