29 Ақпан 10:00

Смоляков: AQR нәтижелері бойынша банктердегі капиталды түзету мөлшері 429 млрд теңгеден төмендеді

Фото:

Бұған дейін банктерді құтқаруға 400 млрд теңгеден кем емес сома қажет деп болжанып келген еді. Бірақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) төрайымының бірінші орынбасары Олег Смоляков ол соманың түзетіліп, біршама төмендегенін айтып отыр.

«2019 жылғы 1 сәуірден бастап, осы уақытқа дейін банктер портфель сапасын жақсарту бойынша маңызды шараларды жүзеге асырды және бекітті. Нәтижесінде, 429 миллиардтың ішінен 180 миллиард теңгені банктердің өздері провизияларды толтыру, қарыз алушылардың қарыздарын өтеу және қарыздарға қосымша кепілдік беру арқылы шешті», - деді Смоляков, ҚНРДА мен Ұлттық Банктің бірлескен брифингінде.

Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктердің активтерін бағалауға 9,2 миллиард теңге жұмсағанын жазған болатынбыз. Ол қаржы консультант компания мен аудиторлық фирмалардың еншісінде кеткен. 14 ірі банкті мұқият тексеріп шығу үшін Ұлттық банк халықаралық консультант жалдаған еді. Таңдау Oliver Wyman компаниясына түсті. Oliver Wyman кеңес беру қызметі үшін 3,7 миллиард теңге алды. Қалған қаржы негізінен үлкен төрттікке (Big4) кіретін аудиторлық компанияларға жұмсалды. Олар банктерді тексеріп, нәтижесінде өздеріне 5,5 миллиард теңге кіріс түсірді.

Тегтер: