Отандастарымыз індет ошағынан келе жатыр
Қазақстан Республикасының Вашингтондағы Елшілігінің және Нью-Йорк пен Сан-Францискодағы Қазақстанның Бас консулдығының көмегімен АҚШ-тан 55 отандасымыз келе жатыр.
Алматы, NEGE. Бұл жөніндегі ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі Телеграм арнасында жариялады.
Халықаралық рейстердің тоқтатылуына және шетелдіктер үшін транзиттік аймақтардың жабылуына байланысты көптеген азаматтарымыз Қазақстанға ұшып кете алмаған. Осы жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігі және Ресейдегі Қазақстан елшілігі бірлесіп, отандастарымызды Мәскеу арқылы ұшақпен жеткізуді ұйымдастырды, делінген ақпаратта.
Соңғы деректер бойынша, АҚШ – коронавирус кең етек алған елдердің алғашқы үштігіне кірген. Кейбір сарапшылар АҚШ-ты кезекті індет ошағы болады деп болжайды.