USD
USD
USD

Ақтауда Түркі әлемінің мәдени астанасы жылы аясында іс-шаралар өтіп жатыр

Ақтауда «Дархан дала» этноқалашығы ашылды. Мұнда облыстағы 5 аудан мен 2 қаланың атынан этноауылдар бой көтерген. Әр ауыл өңірдің өзіндік ерекшелігін, тарихы мен мәдени мұрасын айшықтап көрмелер ұйымдастырды.

Ақтау
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсететін шеберлік сабақтары өтуде. Ал "Шеберлер" ауылында халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдерден келген қолөнер шеберлерінің ұлттық бұйымдары қойылды.

Бүгін «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты өтеді. Аталған мәртебе – түркі халықтарының ортақ мәдениетін ұлықтап, ынтымақтастығын арттыруға бағытталған маңызды жоба.

Бұл мәртебе жыл сайын Түркі мемлекеттері ұйымы тарапынан бір қалаға беріліп отырады. Биыл бұл құрмет Ақтауға бұйырып отыр.

Салтанатты ашылу рәсімінде түркітілдес елдерден келген мәдениет майталмандары, өнер ұжымдары мен ресми делегациялар қатысады деп күтілуде.

Бағдарлама аясында концерттер, көрмелер, ғылыми-мәдени форумдар мен ұлттық дәстүрлерді дәріптейтін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қазір оқып жатыр

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.