USD
USD
USD

Павлодарда мас күйінде көлік жүргізген ерлі-зайыпты жазаланды

Павлодарда мас күйінде көлік жүргізген ерлі-зайыпты жазаланды. Оларда жүргізуші куәлігі болмаған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Сот
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE.Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ерлі-зайыптыларға қатысты әкімшілік істер қаралды.

«Сотта 2025 жылдың қаңтар айында қаладағы бір мекеменің маңында BMW X5 автокөлігінің иесі А. көлік басқару құқығы жоқ бола тұра, оны масаң күйдегі жұбайы Б.-ға жүргізуге бергені анықталды», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Әйел азамат А. жұбайымен бірге дәмханада сыра ішкенін, кейін көлікті басқаруды күйеуіне тапсырғанын айтты. Ол көлік жүргізу куәлігін алмағанын, тек оқу кезеңінде жүргенін атап өтті. Сондай-ақ, олардың 2 және 4 жастағы екі баласы бар екені белгілі болды. Сот отырысында ерлі-зайыптылар құқық бұзушылық жасағандарын толық мойындады.

Нәтижесінде әйел азамат А. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 550 480 теңге (200 АЕК) мөлшерінде айыппұл арқалады. Азамат Б. 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Қаулылар заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Залал – 24 млн теңге: «ҚазАвтоЖолға» қарасты компания қызметкерлері күдікке ілінді

Теңге

«Жағдай мәз емес»: Бектенов «Самұрық-Энерго» басшысына қатаң ескерту жасады

Алматы, 3-ЖЭО

Air Astana 15 шілдеден бастап Дубайға рейстерді қайта жандандырмақ

Дубай рейстері

Қазақстандықтар жеке табыс салығының бірінен босатылуы мүмкін

Салық кодексі