1 Тамыз 22:58
...

«Дикий Арманға» хат жазған кім?

Фото:

«Дикий Арман» деген лақап атпен белгілі Арман Жұмагелдиев екі күн бұрын Инстаграмдағы парақшасына Алматы облысының Кербұлақ ауданының әкімі М.Бигелдиевтің  атынан келген Алғыс хаттың суретін жариялады. Қазір осы хат талайдың басына таяқ болып тиіп жатқанға ұқсайды.

Nege.kz редакциясына Кербұлақ ауданын әкімі Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиевтің қолхаты келіп түсті. Аудан әкімі онда былай дейді:

«Мен, Бигелдиев Махаббат Сәдуақасұлы, 2020 жылдың 18 маусымынан қазіргі уақытқа дейін сырқаттанып, ем алып жатырмын. Мен жоқ кезде Кербұлақ ауданына дәрі-дәрмек ретінде гуманитарлық көмек келгенін, оған әлдебір Арман Жұмагелдиев дегеннің қатысы барын БАҚ-тан оқып білдім. Аталған адамға типтік алғыс хат жіберілген. Хатта менің аты-жөнім көрсетілгенімен, денсаулық жағдайыма байланысты қол қойған жоқпын. Алғыс хатта менің орынбасарым Бекзат Бекболатұлы Мыржиевтің қолы тұр. 1.08.2020 ».

Аудан әкімінің орынбасары Б.Мыржиев «Дикий Арман» – Арман Жұмагелдиевті әлдебір қайырымдылық қорының жетекшісі деп ойласа керек. Әлде әдейі жіберді ме екен? Қалай болғанда да бұл «Алғыс хаттың» әуресінен біраз шенді «шапанын шешуі» әбден мүмкін...

Тегтер: