USD
USD
USD

Алматы облысында браконьерлерден балық тәркіленді

Алматы облысында браконьерлерден екі қап балық тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

аулау
Фото: depositphotos.com

Алматы, NEGE. Алматы облысында табиғатты қорғау полициясы «Уылдырық» жедел алдын алу іс-шарасы аясында уылдырық шашу кезеңінде заңсыз балық аулаған Түрген ауылының екі тұрғынын ұстады.

Браконьерлер Жарасу ауылы маңындағы Іле — Қапшағай су қоймасы жағалауында ұсталды. Mitsubishi Pajero автокөлігін тексеру кезінде полиция қызметкерлері 121 келі әртүрлі балық салынған екі қапты тәркіледі. Сондай-ақ Қытайда өндірілетін, тыйым салынған 100 метрлік ау құралдары мен үрлемелі резеңке қайық алынды.

«Анықталғандай, 38 және 37 жастағы азаматтар уылдырық шашу кезеңіне белгіленген тыйымды елемей, су биоресурстарын заңсыз аулап, экожүйеге елеулі залал келтірген. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 568 973 теңгені құрады. Ұсталған азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады табиғатты қорғау полициясы.

Полиция уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға қатаң тыйым салынатынын еске салады. Бұл шара су биоресурстарын сақтау және қалпына келтіру мақсатында енгізілген. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

.

«Атыраулық хакер» Түркиядан Қазақстанға қайтарылды

.