USD
USD
USD

Бүгін – Қазақстан Республикасының Конституция күні

Елімізде 1995 жылдан бері 30 тамыз елімізде Конституция күні ретінде аталып өтіледі. 

Бүгін – Қазақстан Республикасының Конституция күні
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 26 жыл толды. Тәуелсіздік пен еркіндіктің, бірлік пен тұрақтылықтың тірегі саналатын мемлекеттік құжат бүкіл халықтың ерік-жігерінің көрінісі іспеттес. Оны дайындауға заң ғылымдарының белгілі академик, доктор, профессорлары атсалысты. Тәуелсіз қазақ елінің алғашқы Конституциясы 1993 жылы қабылданды. Сол кездегі Жоғарғы кеңес депутаттары мемлекеттің ең басты құжатын бекітті. Ата Заңның бұл нұсқасы парламенттік басқаруға негізделген болатын.

Кейін 1995 жылы құжат түбегейлі өзгеріске ұшырады. Жаңа конституция жалпыхалықтық референдумға ұсынылды. Оның мәні демократияшыл, зайырлы, унитарлы, әлеуметтік-құқықтық, президенттік республика құруға еді. Қоғамдық талқылау әрі дауыс беру қорытындысында құжат бірауыздан қолдау тапты. Мемлекет жаңа Конституцияға ие болды. Ата Заң әлемдік тәжірибелерді ескере отырып дайындалды. Оған негізінен Франция Республикасының 1950 жылғы конституциясы арқау болды. Тарихи және ұлттық ерекшеліктер де назардан тыс қалған жоқ. Елімізде басқарудың президенттік формасы объективті деп қабылданды. Осыдан кейін Ата Заңға бас-аяғы 5 рет өзгеріс енгізілді. Олар негізінен қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталды. Мәселен, 2017 жылы Астана халықаралық қаржы орталығы құрылғанда оған конституциялық мәртебе берілді.  2017 жылы Конституцияның 25 бабына 33 түзету енгізілді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы, Бес институционалдық реформа ұғымдары осы реформадан кейін саяси айналымға шықты. Ата заңымыздың 1-бабы бойынша Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Мемлекеттің ең қымбат байлығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Бұл – Конституцияның өзгермейтін ең басты қағидасы.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев