18 Қыркүйек 15:43
...

Бүгін – Дүниежүзілік сүйек кемігі донорларының күні

Фото:

Жалпы адам өмірі мен оның денсаулығынан асатын ештеңе жоқ. Қажет болған жағдайда дәрігерлермен бірге қарапайым адамдардың да өзгенің өмірін сақтап қалуға тырысып жататын тұстары аз емес.

Алматы, NEGE. Осыған орай 2015 жылдан бері 18 қыркүйек Дүниежүзілік сүйек кемігі донорларының Қауымдастығы (World Marrow Donor Association) ұсынған «Дүниежүзілік сүйек кемігі донорларының күні» болып саналады.  Сүйек кемігін немесе бағаналық жасушаны трансплантациялау 70-тен аса түрлі аурулардан құтқару үшін, оның ішінде қатерлі ісікпен, иимунды жетіспеушілігі бар науқастар, сондай-ақ апластикалық анемия, миелодиспластикалық синдром, тұқым қуалаушы бұзушылық және тұқым қуалаушылық зат алмасудың бұзылу ауруларын қоса алғанда басқа да аурулар кезінде көмектеседі.

Қазақстанда жыл сайын сүйек кемігін ауыстыруға 300-ден аса адам мұқтаж, соның жартысы балалар мен жасөспірімдер. Дәл осы науқастарға көмек көрсету үшін, 2011 жылы желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласындағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында сүйек кемігі доноры болуға қажет болған жағдайда өзінің келісімін беретін, адамдар туралы барлық қажетті ақпараттар орналасқан, гемопоэтикалық бағаналық жасушаның әлеуетті донорларын Тіркеуді құруды бастады. Бүгінгі күнде оған тіркелгендердің саны 7 000 донордан асады. Жыл сайын бұл сан өсіп келеді. Нақты пациент үшін кез келген адам донор бола алмайтынын ескеру қажет. Тіпті, туған бауырларының сүйек кемігінің доноры болу мүмкіндігі 25% аспайды. Бұл өте күрделі жүйе. Ал сәйкес келетін донорды іздеуге кеткен осы уақыт науқасты аман алып қалу мүмкіндігін азайтады.  

    Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Клиникалық трансфузиология бөлімінің меңгерушісі Қуаныш Үмбетоввтің айтуынша, сүйек кемігін трансплантациялаудың бірнеше түрі бар: аллогенді – бұл түрінде туыстарынан, бауырларынан сүйек кемігі алынып жасалады, аутологиялық – бұл түрінде науқас өз өзіне донор бола алады және де гаплоидентті трансплантация дейміз ол кезде науқастың ата-анасы донор бола алады. 

Донор болып тіркеуге кіру үшін белгілі бір талаптар бар. Ең алдымен, адам ересек және  45 жасқа дейін болуы керек. Донор ең алдымен сау болуы керек, сондықтан пациент үшін ешқандай қауіп жоқ. Өйткені, онкологиялық науқастарда иммунитет өте төмендейді, донордың денсаулығындағы кез-келген ауытқулар науқастың денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін. Қысқаша айтқанда: Қазақстанның 18 жастан асқан, дені сау және ауыр созылмалы жүйелік аурулары: онкология, туберкулез, бүйректің, бауырдың ауыр аурулары жоқ кез келген азаматы донор бола алады.

Тегтер: