USD
USD
USD

Болат Назарбаев пен Қайрат Шәріпбаевқа қарасты майнинг фермасы қызметін тоқтатты

Қазақстанда танымал тұлғалармен байланыстағы 55 майнинг фермасының жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Болат Назарбаев пен Қайрат Шәріпбаевқа қарасты майнинг фермасы қызметін тоқтатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қаржылық мониторинг агенттігі мемлекеттік органдармен бірлесіп майнинг фермаларының қызметіне кешенді тексерулер жүргізді.

«Жүргізілген алдын алу шараларының нәтижесінде 55 майнинг фермалары қызметін өз еркімен тоқтатты. Олардың қатарында Павлодар облысында танымал кәсіпкерлер Болат Назарбаев және Александр Клебановпен үлестес фирмалар бар. Сондай-ақ солардың арасында «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ-ның Ақтөбе облысындағы бұрынғы басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев және Қарағанды облысындағы танымал бизнесмендердің бірі Ерлан Нығматуллин болды»,– делінген хабарламада.

Сонымен қатар 51 майнингтік ферманың заңсыз қызметінің жолы кесілді. Олар қызметтерінің басталғаны туралы уәкілетті органға хабарламаған немесе техникалық шарттарсыз энергиямен жабдықтау көздеріне заңсыз қосылған, арнайы экономикалық аймақтардың аумағына негізсіз орналастырылған, сондай-ақ салықтар мен кедендік төлемдерді төлеуден жалтарған. Бүгінгі күні олардың барлығы электрмен жабдықтау көздерінен ажыратылған.

Мысалы, Қарағанды облысындағы «Сарыарқа» АЭА (арнайы экономикалық аймақ) аумағында майнингтік ферма заңсыз қызмет атқарды. Бұл АЭА қызметінің басымдылығы жабдықтар өндірісіне, металлургия өнеркәсібі, құрылыс салаларына берілген.

Сондай-ақ өндірістік қажеттіліктерге арналған электр энергиясын жұмсау, қайта сату фактілері анықталды.

Павлодар облысында жылыжай шаруашылығымен айналысатын екі компания үшінші тұлғаларға өзінің артық электр энергиясын майнинг үшін лицензиясыз сатты.

Заңсыз қызметті жүзеге асыратын майнингтік компаниялардың арасында Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің бірі Қайрат Итемгеновпен үлестес фирмалар бар.

Бұдан басқа, заңсыз майнинг қызметін ішкі істер министрлігі департаментінің бұрынғы басшысы Тілеген Маткеновпен байланысты компаниялар жүзеге асырды.

Майнинг жабдықтары Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Түркия және Грузия елдерінен әкелінген болатын. Оларды әкелу контрабандалық тәсілмен жүзеге асырылған.

Осындай фактілердің бірі Алматы қаласында анықталды, Қытайдан 2,8 млрд теңгеге бір мыңнан астам майнингтік жабдық әкелінді.

Қаржы мониторингі агенттігі барлығы 25 қылмыстық істі тіркеді, құны 100 млрд теңгеге жуық 67 мыңнан астам жабдық тәркіленді.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде елдегі электр энергиясын тәуліктік тұтынуы 600 Мегаватт/сағатқа төмендеді.

Айта кетейік, Майнинг және сандық активтердің айналымын реттеудің болмауы қаржы жүйесіне және азаматтардың әл-ауқатына айтарлықтай қауіп төндіреді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары