USD
USD
USD

Шри-Ланкада жолаушылар мінген автобус құздан құлады

Шри-Ланканың таулы аймағында жолаушыларды алып келе жатқан автобус жолдан шығып кетіп, жардан құлады. Бұл туралы Uza.uz жазды.  

Автобус
Фото: Uza.uz

Алматы, NEGE. Arab News ақпарат порталының мәліметіне сүйенсек, апат салдарынан 15 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алған.

Полиция өкілі Фредрик Вутлердің айтуынша, бейсенбі күні кешке Коломбодан 280 шақырым шығыста орналасқан Велавайя қаласы маңында болған апат кезінде автобус шамамен 1 000 фут (шамамен 300 метр) биіктіктен құлаған. Зардап шеккендердің бесеуі – бала.

Алғашқы тергеу қорытындысына сәйкес, жоғары жылдамдықпен келе жатқан автобус әуелі басқа көлікпен соқтығысқан, кейін тосқауылға соғылып, жардан құлап кеткен.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов