USD
USD
USD

НЗМ оқушысы Экономикадан халықаралық олимпиаданың абсолют чемпионы атанды

Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Батырхан Мұхтархан Грекияда өткен Экономикадан халықаралық EO-2025 олимпиадасында бірінші орынды иеленді.

Назарбаев зияткерлік мектебі
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Алматы, NEGE. Бұл жарысқа ұлттық іріктеуден өткен 100 мыңнан астам үміткер қатысты. Финалға 28 елден 128 мықты оқушы жолдама алды. Қатысушыларға теориялық қана емес, практикалық тапсырмалар да – нақты кейстерді талдау мен шешімдерді модельдеуге дейін берілді.

Абсолют чемпион атағын жеңіп алған Батырхан Мұхтархан АҚШ, Канада, Қытай, Нидерланд, Польша, Чехия және өзге елдің оқушыларын басып озды.

Ол бұған дейін де бірқатар жетістікке қол жеткізген: экономика және қаржыдан республикалық олимпиаданың қола жүлдесі, IEO-2024 (Гонконг) – қола, IEO-2025 (Әзербайжан) – алтын, EFI олимпиадасында жеңімпаз атанған. Енді оның коллекциясында EO-2025-тің абсолют алтын медалі бар.

Мен үшін ең бастысы – жаңа нәрсені үйрену, күрделі тапсырмаларды орындау және өзімді дамыту. Өз жетістіктерім арқылы қатарластарымды шабыттандырғым келеді, – деді Батырхан.

Қазір оқып жатыр

Полиция полковнигі Данияр Мейірхан сталкинг бойынша күдікке ілінген

Данияр Мейірхан

«15 мың төлеймін, бірақ интернет жоқ»: депутат интернет сапасына шағымданды

үй интенет

Kaspi.kz Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды

.

Іздеуде жүрген төрт қазақстандық ҰҚК арнайы жасағының конвойымен елге жеткізілді

Күдіктілер