USD
USD
USD

Алматыда ірі өрт шығып, үш қабатты ғимараттың шатыры құлады

Алматы қаласының Әуезов ауданында ірі өрт шықты.

Ғимарат өртенді
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. ТЖМ мәліметінше, жалын алғашында шаруашылық нысанынан басталып, кейін үш қабатты ғимараттың шатырына тараған.

Алматы қалалық ТЖД-ның 32 қызметкері мен 9 техникасы өртті сөндіруге жұмылдырылды.

  • Құтқарушылар үздіксіз су жеткізіп, жалынды оқшаулады;
  • Өрттің жалпы аумағы 200 шаршы метрді қамтыған;
  • Шатырдың бір бөлігі құлаған.

Мамандардың айтуынша, жапа шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт 11:22-де толық сөндірілген.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы