Маңғыстауда Алмас Бекбосыновтың туғанына 100 жыл толуына орай халықаралық би фестивалі өтті
19-20 қазан күндері Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Алмас Бекбосыновтың туғанына 100 жыл толуына арналған халықаралық би фестивалі өтті.
Маңғыстау, NEGE. Фестивальға Алматы қаласынан келген Алмас Бекбосыновтың туыстары Сара және Ақмарал Бекбосыновалар, Қазақ КСР-нің халық әртісі Талпақова Гүлжан Ізімқызы бастаған қазылар алқасы мен арнайы шақыртылған қонақтарымыз, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Қазақстанның түкпір-түкпірінен 24 өнерпаз қатысты. Фестиваль аясында Алмас Бекбосыновтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көрменің ашылуы, Алмас Бекбосыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильмнің тұсау кесері, дөңгелек үстел, шеберлік сағаттары, конкурс өтті.
19 қазан күні Ақтау қаласындағы Достық үйі ғимаратының фойесінде Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Алмас Бекбосыновтың туғанына 100 жыл толуына арналған халықаралық би фестивалі аясында әртістің өмірі мен қызметін баяндайтын арнайы жасақталған жүрмелі көрменің ашылуы болды.
Би әлемінен сыр шерткен көрменің лентасын қию мәртебесі ҚР халық әртісі Гүлжан Талпақоваға және Алмас Бекбосыновтың туысы Сара Бекбосыноваға беріліп, көрмені таныстыру ҚР Мәдениет саласының үздігі Серік Сариевке ұсынылды.
Қазақтың өнер көкжиегіндегі жарық жұлдызы, тұңғыш қазақтың ұлттық-сахналық биі мен бірге классикалық жанрды насихаттаушы, биші, балетмейстер, режиссер Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Алмас Бекбосыновтың шығармашылығына арналған шара өнерпаздың өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетілімімен жалғасты. Шараға Алматы қаласынан келген Алмас Бекбосыновтың туыстары Сара және Ақмарал Бекбосыновалар, Қазақ КСР-нің халық әртісі Талпақова Гүлжан Ізімқызы бастаған қазылар алқасы мен арнайы шақыртылған қонақтар, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Қазақстанның түкпір-түкпірінен өнерпаздар қатысты.
Шара соңында дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қаулы қабылданды.
Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Алмас Бекбосыновтың туғанына 100 жыл толуына арналған халықаралық би фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Фестивальға Алматы қаласынан келген Алмас Бекбосыновтың туыстары Сара және Ақмарал Бекбосыновалар, Қазақ КСР-нің халық әртісі Талпақова Гүлжан Ізімқызы бастаған қазылар алқасы мен арнайы шақыртылған қонақтар, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Қазақстанның түкпір-түкпірінен 24 өнерпаз қатысуда.
Фестивальдің ашылуында сөз сөйлеген Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әбішев Тілеген Ақанұлы:
«Сіз бен біз бүгін ерлердің арасынан шыққан тұңғыш кәсіби балет бишісі Алмас Бекбосынов туралы тың туындыны тамашаладық. Кенен Әзірбаевтай тұлғаны тудырған топырақтан жаралған Алмас Бекбосыновтай тума таланттың өмір жолы мен шығармашылығымен таныстық. Қазақ классикалық би өнерін биікке шығарған, небәрі 50 жыл өмір сүріп, артерлік шеберлігімен елден ерек болған Алмастай тұлғанының рухын құрметтеп, біздің шақыруымызды қабыл алып, іс-шараның ойдағыдай өтуіне қолдау көрсеткендеріңізге алғыс білдіремін! Қазақ КСР-нің халық әртісі Талпақова Гүлжан Ізімқызы бастаған қазылар алқасы, осы іс-шараға шақыртуымызды қабыл алып, алыс-жақыннан арнайы келіп отырған құрметті қонақтарымыз, Алматы қаласынан келген Алмас Бекбосыновтың туыстары Сара және Ақмарал Бекбосыновалар, Халықаралық би фестиваліне Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп отырған қатысушылар мен олардың көркемдік жетекшілерін бүгінгі шарамыздың төрінде көріп отырғанымызға қуаныштымыз. Алмас Бекбосынұлының еңбек жолын зерттеп, өнердің шыңын бағындырған бишінің ғибратты ғұмырын, ұмыт бола бастаған жетістіктерін жаңғыртып халыққа ұсынып көрермендер ықыласына бөленіп жүрген би жанашыры, жерлес бауырымыз Серік Сариевтің үлкен еңбегін атап көрсеткім келеді! Сізге абыройлы қызмет, зор шығармашылық табыстар тілеймін! Алдағы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Алмас Бекбосыновтың туғанына 100 жыл толуына арналған халықаралық би фестивалінің қызметіне де сәттілік тілеймін» - деп тілегін білдірді фестивальдің ашылуында сөйлеген сөзінде.
Сол күні фестивальдің бірінші кезеңі басталып, қатысушылар өз өнерлерін көрсетті.
20 қазан күні қазылар алқасы фестиваль қатысушыларына және би ансамбльдерінің әртістеріне шеберлік сабағын өткізді. Фестивальдің екінші кезеңінде өнерпаздар әртүрлі ұлттардың биін орындап, өзара сынға түсті.
Фестиваль қорытындысы бойынша үздік қатысушылар анықталып, арнайы жүлделермен марапатталды.
ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының арнайы жүлдесін үш өнерпаз иеленді. Олар Қаракөз Мұрат (Атырау), Амангелдіұлы Есдаулет (Маңғыстау) және Камила Бекмұханбетова (Ақмола).