Референдум Референдум
USD
USD
USD

«Қайрат» – «Реал» ойыны: Билеттерді қашан және қай жерден сатып алуға болады?

Алматыда тарихи матчқа дайындық басталды.  Чемпиондар лигасында «Қайрат» әйгілі мадридтік «Реалды» қабылдайды.

«Қайрат» баспасөз қызметі
Фото: t.me/fc_kairat

Алматы, NEGE. Ойынға жанкүйерлердің қызығушылығы зор болғандықтан, клуб билеттердің тек ресми сервистер арқылы сатылатынын ескертіп, алаяқтардан сақ болуға шақырды.

Билеттерді қайдан сатып алуға болады?

Билеттерді тек ресми платформалардан алуға болады:

• клубтың Qairat SuperApp қосымшасы;
• Freedom суперапп («Билеттер» бөлімі);
• Ticketon сайты (бір қолға – 5 билеттен артық берілмейді).

Жанкүйерлерге аталмыш платформаларға алдын ала тіркеліп қою ұсынылады, өйткені сатылым күні әрбір минут маңызды.

Билеттерді қашан сатып алуға болады?

Нақты күнді клуб push-хабарлама және әлеуметтік желілер арқылы жариялайды. Бірақ ресми арналарды да үнемі тексеріп отыру қажет:

• «Қайраттың» ресми сайты;
• «Қайраттың» Telegram-арнасы;
• Ticketon сайты.

Билетті қалай сатып алады?
Сатылым ашылған сәтте жүйе автоматты түрде виртуалды кезек қалыптастырады. Кезек тәртібі кездейсоқ болады. Мысалы, сіз бірінші де, мыңыншы да болып шығуыңыз мүмкін. Бос секторлар бірнеше минут ішінде сатылып кетеді. Төлем онлайн жасалады, билет электронды түрде беріледі.

Ескеретін жайттар:

• Qairat SuperApp-тағы QR-код матч басталардан бірнеше сағат бұрын ғана белсендіріледі,
• Ticketon мен клуб сайтында билеттер тек ойын күні электронды поштаға жіберіледі,
• әлеуметтік желіден алынған скриншоттар мен көшірмелер жарамсыз.

Ең арзан билеттің құны 3 мың теңгеден басталады. Алайда «Реалға» қарсы ойында баға едәуір жоғары болатыны белгілі.

Қазір оқып жатыр

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады

Ресей мұнайы тиелген танкер

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды

Әскери адам, сарбаз

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж