USD
USD
USD

Алматы әуежайында ер адам өзіне қол жұмсады

T1 ішкі рейстер терминалының дәретханасында жолаушы өзіне дене жарақатын салуға әрекет жасады, деп хабарлады Алматы әуежайының баспасөз қызметі.

Алматы әуежайы
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Әуежай қызметкерлері жағдайды дер кезінде байқап, шұғыл түрде медициналық қызметті шақырған.

Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ол дәрігерлердің бақылауында. Әуежай штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр

Алматы қаласының әуежайындағы Желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары Әмірхан Қадыровтың айтуынша, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Алдын ала мәлімет бойынша Алматы–Астана бағытындағы рейстің жолаушысы әуежайға уақтылы келіп, тіркеу мен тексерістен өткеннен кейін ұшаққа отырғызуды күткен. Белгісіз себептермен жолаушы әуе кемесіне отырмаған және шамамен төрт сағат бойы күту залында, соның ішінде кафе аумағында болған. Кейін күтпеген жерден санитарлық бөлмеге кіріп, өзіне дене жарақатын келтіретін әрекеттер жасаған», – деді ол.

Әмірхан Қадыров әуежайдың медициналық қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, оны қалалық клиникалық ауруханаға жеткізгенін атап өтті.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

чернобыль

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Қоштасу рәсімі

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім

ақша

Жағалаудағы құрылыс кезінде 170 млн теңге жымқырған: Көкшетауда шенеунік сотталды

блогер соты