Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

Руслан Берденов өз еркімен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.

Руслан Берденов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Ол бұл қызметті биылғы жылдың ақпан айынан бері атқарып келген.

Руслан Берденов 1985 жылдың наурыз айында Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және КИМЭП университетін “Іскерлік басқару магистрі, қаржылық менеджмент маманы” мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы “Procter & Gamble LLP” компаниясында бастаған. 2010-2012 жылдары “EASTCOMTRANS” ЖШС-нің жылжымалы құрамды жалға беру департаментінің директоры, 2012-2018 жылдары “Ақ ниет” ЖШС-нің бас директоры, 2018-2019 жылдары “Ақ ниет” ЖШС-нің бақылау кеңесінің мүшесі, 2019-2023 жылдары “Aq Niet Group” бақылау кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

2023 жылдың наурызынан қала әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті VIII шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды.

Қазір оқып жатыр

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел

Экономист Алматыдағы автотұрақтардың құнын 1 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

ақылы тұрақ