USD
USD
USD

Ақмола облысында бұзылған автобустан 16 ресейлік азамат эвакуацияланды

10 қаңтарда Астана – Петропавл тас жолында патруль қызметкерлері Айбол Қабдуалиев мен Илья Қабдуалиев жол жиегінде қалған Ресейлік нөмірдегі Hyundai маркалы автобусты байқайды.

16 ресейлік азамат эвакуацияланды
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жүргізушінің айтуынша, олар Екатеринбургтен Қарағандыға бара жатқан. Автобус ішіндегі 16 адам тоңып қалған, оның біреуі - 6 жасар бала.

Жылыну үшін баланы дереу полиция қызметінің көлігіне ауыстырды. Автобус жолаушылары Біржан сал ауданына қарасты ауылдық кітапханада орналасқан жақын жердегі жылу пунктіне жеткізілді.

Бұл аумақтағы көлік қозғалысын бақылайтын инспекторлар автобусты жөндеуге сүйреп апарғаннан кейін ғана өз орындарын тастап кеткен. Жүргізуші полицияға қиын жағдайда көмектескені үшін алғысын білдірді.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов