USD
USD
USD

16 жастағы қазақстандық полиглот Оман елшісінің аудармашысы болды

16 жастағы Бахтияр Сәдібеков Иранның Қазақстандағы елшілігінде өткен ресми шарада Оман елшісінің сөзін аударды.

Бахтияр Сәдібеков
Фото: instagram.com/sadibekov.bakhtiyar

Астана, NEGE. Дипломатиялық ортада шеберлігін шыңдап жүрген жас полиглот Иран Ислам Республикасының құрылғанына 47 жылдығына арналған ресми шараға арнайы шақыртылған. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Оман елшісі Мұхаммед әл-Бахранимен түскен видеосын жариялап, тіл білу мол мүмкіндік ашатын дағды екенін айтады.

«Мұндай оқиғалар тілдердің жай ғана дағды емес, халықаралық ортаға, дипломатияға және әртүрлі елдердің елшілері, консулдары және өзге де өкілдерімен жұмыс істеуге жол ашатын нақты құрал екенін көрсетеді.

Сондықтан бүгін білім мен тіл үйренуге салынған инвестиция – болашағыңа салынған инвестиция», – деп жазады Бахтияр.

Айта кетейік, жас полиглот бұған дейін де бірнеше халықаралық шараға аудармашы ретінде қатысқан.

Бахтияр араб тілімен қатар ағылшын, француз, испан, қытай, түрік, парсы тілдерін меңгерген. Ол бүгінде әлеуметтік желіде тіл үйренуді белсенді түрде насихаттап жүр. Тіпті тіл үйретіп тапқан қаржысына анасына Астанадан екі бөлмелі пәтер сыйлап үлгеріпті. 

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net