USD
USD
USD

«Что было дальше» шоуы Қазақстанға көшуі мүмкін

Шоуды Қазақстанға көшіру туралы шешім қабылдауда Сабуровтың депортациясы шешуші рөл ойнаған.

Что было дальше
Фото: Видеодан скриншот/youtube/chbdchbdchbd

Астана, NEGE. Telegram-дағы Mash арнасының жазуынша, шоуды көшіруге Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынуы, ЧБД тауарлық белгісін тіркеуден бас тартуы, кейбір қонақтар үшін локацияның ыңғайлылығы себеп болып отыр.

«Сабуровтың депортациясы соңғы аргумент болды. Жоспарда Қазақстанға тұрақты көшу, студия жинау, Ресейде түсірілімге қатыса алмаған қонақтар пулын қалыптастыру бар», – делінген жазбада.

Сондай-ақ шоу командасы Қазақстанда ЧБД тауарлық белгісін тіркеуді көздеп отыр.

Жобаның продюсерлері Максим және Дарья Морозовтар 2022 жылдан бері Ресейде тауарлық белгіні тіркеуге талпынып келген. Алайда сот Морозовтың ЧБД-ны құруға ерекше қатысы бар екенін дәлелдейтін айғақтарды жеткіліксіз деп танып, тіркеуден бас тартқан. Дәлел ретінде Максим сотқа Сабуров, Щербаков, Кашоков, Макаров және Масаевтың келісім берген видеоүндеулерін ұсынған. Бірақ ол да жеткіліксіз болған.

Арна мәліметінше, команда Қазақстанға көшуді 2023 жылы-ақ ойлай бастаған. Тіпті Қазақстанда рэпер Скриптонит пен стример Зубарев қатысқан эпизод та түсірілген.

Еске салсақ, Ресейге кіре алмағандықтан, әзілкеш Нұрлан Сабуров 7 ақпанда Қазақстанға оралуға мәжбүр болды.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский