USD
USD
USD

Әзілкеш Қайрат Әділгерей Құрманғазының ұрпақтарынан кешірім сұрады

Әлеуметтік желіде актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерейдің қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлы жайлы айтқан пікірі қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Қайрат
Фото: Instagram

Алматы, NEGE. Көпшілік оның сөзін орынсыз деп бағалап, наразылық білдірді.

Қоғамның сынынан кейін өнер иесі көпшілікке арнайы үндеу жасап, өз ойын нақтылап өтті. Ол Құрманғазы бабамыздың рухын қорлау ниеті болмағанын айтты.

Актердің айтуынша, жақын күндері күйші жерленген Астрахань облысына барып, оның рухына құран бағыштап, ұрпақтарынан кешірім сұрамақ.

«Қазақ тарихының тұлғасы, күй атасы Құрманғазы бабамыз туралы айтқан сөздеріме түсініктеме беруді жөн көрдім. Бұйырса, жақын арада бабамыздың жатқан жеріне барып, құран бағыштап, ұрпақтарынан кешірім сұраймын. Бабамыздың аруағын қорлау ниетім болған жоқ», – деді Қайрат Әділгерей.

Айта кетейік, бұған дейін тарихи тұлға, күйші Құрманғазының ұрпақтары Қайрат Әділгерейді сотқа беретіндерін мәлімдеген еді. Себебі әзілкеш бір сұхбатында Құрманғазыны «қарақшыға» теңеген еді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар