25 Маусым 16:06

Сот реформалары гендерлік саясат туының астында жүріп жатыр

сот
Фото: inbusiness.kz

Елімізде сот жүйесінде реформалары жүріп жатыр. Бұл өзгерістер әйел-судьялардың жолын ашты. Яғни, сот реформалары гендерлік саясат туының астында жүреді десек, көп қателеспейміз. 

Елімізде сот жүйесінде реформалары жүріп жатыр. Бұл өзгерістер әйел-судьялардың жолын ашып жатыр. Яғни, сот реформалары гендерлік саясат туының астында жүреді десек, көп қателеспейміз. 

Айталық, еліміздің сот жүйесінде әйел-судьялардың саны артып келеді. Айталық, соңғы бес жылдың ішінде аудандық соттар судьяларының арасында әйелдердің саны 77 адамға өскен. Бұрын 959 әйел судья болса, қазіргі саны 1 036-ға дейін көбейді. Керісінше, еркек судьялардың саны азаып жатыр. Бұрын 988 ер адам сот болса, қазір қалғаны – 819 адам.

2023 жылғы көрсеткіш бойынша, әрбір төртінші сотты әйел-судья басқарып отыр.

Ал Жоғарғы сотта әйелдердің үлесі 46,7 пайызға жеткен. Бірақ басшылық құрамында әлі әйел-судьялар жоқ.

Әйел-судьялардың саны артуы – дүниежүзілік үрдіс. 2021 жылы 28 сәуірде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қарар қабылдап, 10 наурызды әйел-судьялар күні деп жариялады. Бұл қарар әйел судьялардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге шақырады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен, сот жүйесінде түбегейлі реформалар жасалынып жатыр. Мысалы, 2023 жылы Жоғары Сот Кеңесі үшін жаңғыру жылы болды. Сот жүйесіндегі реформалар алдымен осы кеңестен басталды десек, артық айтқандық емес. Мемлекет басшысының жолдауында Жоғары Сот Кеңесінің рөлі мен мәртебесін нақты кадрлық функциялары бар толыққанды институт ретінде нығайту керек екенін атап өткен болатын.

Былтыр наурыз айында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңына және «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» заңға түзетулер енгізілді. Онда мынадай жаңалықтар көзделген-ді:

– Жоғары Сот Кеңесінің рөлі мен мәртебесін күшейту және Жоғары Сот басшылығының кадрлық өкілеттіктерін қысқарту.

Бұл түзетулер Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесін арттырып, толыққанды интитут ретінде іргетасын одан әрі нығайтуға, бекіте түсуге бағытталған. Бұл заңнамалық шаралар – Кеңестің осы бағытта соңғы жылдары атқарған шараларының қисынды жалғасы.

Осылайша, Жоғары Сот Кеңесінің қарауына судьялыққа үміткерлерді даярлау, судьялардың біліктілігін арттыру, жас шектеуін ұзарту, жұмыс істеп жүрген судьялардың өкілеттіліктерін тоқтата тұру және тоқтату мәселелері берілді.

Бюрокатиясыздану қағидасы сот жүйесін де айналып өткен жоқ. Мәселен, түзетулер мен тым артық егжей-тегжейлі реттеу нормалары жойылды. Олар Кеңес регламентінің деңгейіне ауыстырылды.

Қабылданған заңдарды іске асыру мақсатында заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар, Жоғары Сот Кеңесінің актілеріне тиісті түзетулер енгізілді.

Қабылданған заңнамалық түзетулер сот жүйесіне жаңа кадрлар тартуға, судьялар мен сот төрағаларын сайлау элементтерін енгізуге және судьяларға қысым жасау тетіктерін азайтуға бағытталған.

Былтырғы жыл қоғам үшін конституциялық кепілдіктерді нығайту жылы болды. Ата заңның үстемдігін еліміздің түкпір-түкпірінде қамтамасыз ететін орган ретінде Конституциялық Сотты қалыптастыру – осының айғағы.

Жыл бойы Конституциялық Сот «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» заңдарда бекітілген нормалардың конституциялық заңға сәйкестігі мәселелерін қозғайтын өтініштер бойынша бірқатар нормативтік қаулылар қабылдады. Барлық нормалар Конституцияға қайшы келмейді деп танылды.

Еліміздегі конституциялық және сот реформалары жалпы адам мен азаматтық құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін және судьяларды даярлау, іріктеу, тағайындау, олардың біліктілігін арттыру және тәуелсіздігі институттарының кепілдіктерін нығайтуға негіз болды.

Алғаш рет Кеңес Жоғарғы Сот судьясы лауазымына үміткерлерді Президентке Сенатқа баламалы негізде енгізуге ұсынды. Осылайша, парламент Сенатқа кемінде екі кандитаттың ішінен ең лайықтысын таңдау мүмкіндігі берілді. Бұл Жоғарғы Сот судьяларын іріктеудің объективтілігін және Парламент Сенаты деңгейінде ең лайықты кандидаттарды таңдауды арттырды. Былтыр осы тәртіп бойынша Жоғарғы Соттың 5 судьясы сайланды.