Самат Смақов қазақстандық клубқа бас жаттықтырушы болып тағайындалды
Самат Смақов семейлік "Елімай" клубыгың бас бапкері боып тағайындалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматы, NEGE. 43 жастағы маман бұған дейін "Ақтөбе" клубының бас директоры, "Ордабасы" клубының бас жаттықтырушысының орынбасары және елордалық "Жеңіс" клубында бас бапкердің міндетін атқарушы қызметтерінде болды.
Смақов "Елімай" клубы сапында өзі де ойнап, 27 ойында 4 гол авторы атанған еді.
Естеріңізге сала кетейік, биыл алты жылдан кейін үш рет ел чемпионы болған семейлік "Елімай" клубы қайта ашылды.