USD
USD
USD

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Түрікстан облысында жетпістен асқан әкесін ұрып-соққаны үшін бес жылға сотталған Алмас Садақбаевтың жазасы тағы бір жылға ұзартылды.

Әкесін ұрып-соққан
Фото: Видеодан скрин

Астана, NEGE. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында Садақбаевқа қатысты прокуратураның бірінші сатыдағы сот үкіміне келтірген апелляциялық өтінішхаты қаралды.

16 қаңтарда Садақбаев Қылмыстық кодекстің қинау және денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру баптарымен кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді.

Сот алқасы Садақбаевтың жасаған қылмысының сипаты мен қоғамға қауіптілігін зерделеп, жаза мерзімін ұзартуға негіз бар деген шешімге келді.

«Бірінші сатылы соттың үкімі өзгертіліп, Садақбаевқа түпкілікті 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Прокурордың апелляциялық өтінішхаты ішінара қанағаттандырылды», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Қаулы 31 наурызда заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Елші және Қасым-Жомарт Тоқаев

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Air Astana

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды

тергеуші

«Тоқтайтын түрі жоқ»: Депутат Алматыдағы апаттан кейін жазаны күшейтуді талап етті

мұрат әбен