USD
USD
USD

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Air Astana әуе компаниясының мұндай шешім қабылдауына Таяу Шығыстағы жағдай себеп болып отыр.

Air Astana
Фото: Air Astana

Астана, NEGE. Таяу Шығыстағы қақтығыс әлі жалғасып жатқандықтан, Air Astana әуе компаниясы Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын тұрақты рейстерді тоқтату мерзімін 1 сәуірден 30 сәуірге дейін ұзартуға мәжбүр болып отыр, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Air Astana өкілдері ұшпай қалған рейстердің жолаушыларына билет құнын айыппұлсыз толық қайтаруға уәде етті немесе жолаушылар Дубайға 30 маусымға дейін ұшатын рейстерді тегін қайта брондай алады.

Сондай-ақ әуе билеттерді компанияның басқа бағыттарына айыппұлсыз қайта брондау нұсқасын қарастырып көруіне болады. Бұл ретте тариф айырмасы мен әуежай алымдары бойынша қосымша төлем болуы мүмкін екені ескертілді.

 

Қазір оқып жатыр

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер